Алаяқтық жасаған адам Қазақстанға жеткізілді

131
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AEkxvmHmbMywuT3MJQLHYCnupCCZQVIwheaDbBFr.webp

Түркиядан Қазақстанға алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген ер адам депортацияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті Қазақстан ІІМ Ұлттық орталық бюросының Интерпол арқылы жолдаған сұрауы негізінде Түркияның Самсун қаласында ұсталған. Оны елге қайтару жұмыстары Қазақстан ІІМ-нің Түркиядағы өкілдігі мен Қазақстан Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2024 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунт пен ақпараттық жүйелерді пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынын алдап, олардың ақшасын иемденген. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 3 миллион теңгеден асады.

Қазір күдікті Қазақстанға жеткізіліп, оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сондай-ақ оның осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Yorumlar
Diğer Haberler