Айбек Оралбай Әлем кубогының финалына жолдама алды

206
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/vHpAjyIpfY17P9Lo0QGoQM8vDyF5Zx5VQ5kHNtwz.webp

Айбек Оралбай Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалында бразилиялық Джоэл Рамосты жеңіп, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен кездесу үш раундқа созылды. Алғашқы раундта төрешілер басымдықты бразилиялық спортшыға бергенімен, кейін Айбек Оралбай жекпе-жек барысын өз пайдасына өзгертті.

Шешуші үшінші раундта қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңісін нақтылай түсті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен Айбек Оралбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы Әлем кубогының финалына жолдама алып, алтын медаль үшін сынға түсетін болды.

Yorumlar
Diğer Haberler