Газа қырғыны. Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 73 мыңнан асты

121
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6f832pSO39Mws8MfGNQG8nrRf1dE2MKdPKiXbLMI.png

Израиль әскерінің 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 73 058 адамға жетті. Бұл туралы Anadolu Ajansı жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі 29 маусымда құрбандар туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Мәлімдемеге сәйкес, соңғы 24 сағат ішінде Газадағы ауруханаларға 4 адамның мәйіті жеткізіліп, тағы 8 жараланған адам түскен.

2025 жылдың 10 қазанында Газада атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарының салдарынан 1045 адам қаза тауып, 3380 адам жараланған. Бұдан бөлек, үйінділер астынан 786 адамның мәйіті шығарылған.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары нәтижесінде қаза тапқандардың жалпы саны 73 058 адамға, ал жараланғандар саны 173 488 адамға жеткен.

Сондай-ақ Газа секторындағы қираған ғимараттардың үйінділері астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті қалуы мүмкін екені атап өтілді.

Yorumlar
Diğer Haberler