Жантүршігерлік жол апатынан бес бала қаза тапты

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/x2b2VimC70QAkcxgvSXfN2zDK92R7otU1Mezc8Vu.webp

Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір отбасының бес баласы көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тағы бір бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті Otyrar басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға Түлкібас ауданындағы Еңбекші ауылында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл автокөлік екіге бөлінген. Дәрігерлер ауыр жарақат алған баланың өмірін сақтап қалды. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Ата-анасының өтінішіне сәйкес, баланың денсаулық жағдайына қатысты толық ақпарат жарияланбайды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысында 461 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 100 адам қаза тауып, 573 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

Yorumlar
Diğer Haberler