Түркі әлеміндегі ынтымақтастық. Түймебаев Түркология съезінде сөз сөйледі

242
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yznJ1VxTwBxX5FT49djXpS5WoG0JP0p5gVmWdXwY.webp

Жансейіт Түймебаев түркі әлемі мемлекеттері арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ол Баку қаласында Түркі дүниесі апталығы аясында өткен, Түркология съезінің 100 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректордың сөзінше, түркі интеграциясы бағытында тарихи жетістіктерге қол жеткізілгенімен, бүгінде нақты бірлескен жобалардың тапшылығы сезіліп отыр.

«Бірінші Түркология съезінің өткеніне 100 жыл, ал түркі мемлекеттерінің тәуелсіздік алғанына шамамен 35 жыл болды. Соған қарамастан, бүгінге дейін бірлескен түркологиялық жобалар толыққанды жүзеге асырылған жоқ», – деді Жансейіт Түймебаев.

Ол декларативті мәлімдемелермен шектелмей, нақты практикалық қадамдарға көшудің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, ректор түркі мемлекеттері арасында бірлескен жұмыс топтарын құрып, ортақ ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруды ұсынды.

Yorumlar
Diğer Haberler