"Архаттағы" көшелердің біріне Денис Теннің есімі берілді

711
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Wu1iCD216jvbG3d0pwJapH841nrT9Tpt7mGSBx9i.jpg

Алматыда атауы жоқ 156 көшеге ресми түрде жаңа атаулар берілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті бірлескен қаулыны қала әкімдігі мен мәслихат қабылдады. Жаңа атаулар Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб аудандарындағы көшелерге берілді.

Алатау ауданындағы «Нұркент» пен «Ботагөз» шағынаудандарының арасындағы 2-көше енді Вьетнамның мемлекет қайраткері Хо Ши Миннің есімімен аталады. Ал Бостандық ауданында Президент паркі маңындағы «Архат» шағынауданының 7-көшесіне қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі берілді.

Сонымен қатар қалада театр режиссері Наталья Сацтың, ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың, жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, археолог Карл Байпақовтың, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың және тілші-ғалым Рабиға Сыздықтың есімдері берілген көшелер пайда болды.

Әкімдік шешімімен бірқатар көшеге тарихи және географиялық атау да берілді. Олардың қатарында Жаңатас, Семей, Жаңаөзен, Ақтау, Шардара, Қорғас, Кеген, Қызылқұм, Баласағұн, Бозжыра, Шолаққорған және басқа да атау бар.

«Көшелерге атау беру туралы шешім 2025 жылғы 8 шілдедегі қалалық ономастика комиссиясының және 2025 жылғы 10 қыркүйектегі Республикалық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ тұрғындардың пікірі ескеріле отырып қабылданды», – делінген құжатта.

Бұған дейін Алматы қаласының бірқатар тұрғыны Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановқа ауыстыру туралы петиция жариялаған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler