АҚШ-та Тәуелсіздік күнін тойлау қолайсыз ауа райына байланысты тоқтатылды

157
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TAmUa5sdfR7NSy8Ys7SMHJxG4pwlgxeW229Jq4n2.webp

4 шілдеде Вашингтонда АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар қолайсыз ауа райына байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Ақ үй басшысы Дональд Трамптың жоспарланған сөз сөйлеуіне бірнеше сағат қалғанда қала билігі барлық шараны тоқтатуға мәжбүр болған.

Өз кезегінде президент Truth Social әлеуметтік желісінде найзағай басылғаннан кейін сөз сөйлейтінін мәлімдеп, жиналған жұртты күтуге шақырды.

«Бүгін сенбі кеші! Түнге дейін кідіруге тура келсе де, көңіл көтерейік», – деп жазды ол.

Бұған дейін Вашингтон әкімдігі де аптап ыстыққа байланысты АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы шеруді өткізуден бас тартқан болатын. Қалада ауа температурасы 46 градустан асқан.

Ұйымдастырушылар келушілерді Вашингтондағы Ұлттық аллея аумағынан шығып, жақын маңдағы мұражайлар мен мемлекеттік ғимараттарға барып паналауға шақырды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, мерекелік шаралар өткен жерде уақытша түсініспеушілік туындаған. Кейбір келушілер президент Трампты көреміз деген үмітпен аумақтан кетуден бас тартқан. Соның салдарынан полиция қызметкерлері оларды аумақтан күштеп шығарған.

Yorumlar
Diğer Haberler