Францияда музейден 4 млн еуроға бағаланған әшекейлер қолды болды

80
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/pP3tbO3elFEwh3w5ABZ4upcubR2I4NSEqnsAjqso.jpg

Франциядағы Винжен-сюр-Модер коммунасында орналасқан Lalique музейінен құны шамамен 4 миллион еуро болатын 20-ға жуық зергерлік бұйым ұрланды. Бұл туралы Le Parisien басылымы жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Басылымның мәліметінше, қаскөйлер музей ғимаратына заңсыз кіріп, бірнеше көрме витринасын бұзып ашқан. Олар зергерлік бұйымдар қойылған залдағы экспонаттарды алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазіргі уақытта полиция келтірілген шығынның нақты көлемін анықтап жатыр.

2025–2026 жылдары Францияда музейлер мен жеке коллекцияларға жасалған ұрлықтардың саны артқаны тіркелген. Бұл зергерлік экспонаттарды нысанаға алатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың белсенділігінің күшеюімен байланысты. Әдетте қылмыскерлер күзет және дабыл жүйелеріндегі осал тұстарды пайдаланып, өте жылдам әрекет етіп, миллиондаған еуроға бағаланатын құнды заттарды қолды қылған.

Yorumlar
Diğer Haberler