Ел ішінде тұрақтылықты сақтау үшін – Президенттің қайта сайлауға түсу құқығы туралы сарапшының пікірі

161
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/H2A1QqWVix4YQ4oTTbz62qhTHYq3MW2j6rEVnug5.webp

Президенттің Конституциялық Сотқа жолдаған сұрауы қоғамда кең талқыланған мәселелердің біріне айналды.

Мемлекет басшысы 1995 жылғы Конституция бойынша мемлекеттік қызметке сайланған немесе тағайындалған адамның жаңа Конституция қабылданғаннан кейін сол қызметке қайта сайлана немесе тағайындала алатыны жөнінде түсіндірме беруді сұраған болатын.

Бұл мәселеге қатысты Әсет Қасенғали пікір білдірді. Оның айтуынша, мұндай сұрау салу жаңа Конституция қабылданғаннан кейін туындайтын құқықтық мәселелерді нақтылау мақсатында жасалатын қалыпты конституциялық рәсім.

«Кез келген мемлекетте конституциялық өзгерістер қабылданғаннан кейін мемлекеттік басқару жүйесі жаңа талаптарға бейімделуі тиіс. Осындай кезеңде заңдардың мазмұны түсіндіріліп жатады. Кейде бұл Конституциялық Сотқа жүгіну арқылы жүзеге асады. Президенттің сұрауы да осы тұрғыдан қарастырылуы керек», – дейді сарапшы.

Әсет Қасенғалидың сөзінше, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін бұрынғы Конституция аясында мемлекеттік лауазым атқарған тұлғалардың мәртебесіне қатысты құқықтық сұрақтар туындаған. Атап айтқанда, олардың қызметін жалғастыру немесе қайта тағайындау тәртібі жөнінде ресми түсіндірменің қажеттілігі болған.

Сарапшы мұндай мәселе бір ғана мемлекеттік органға емес, сондай-ақ Жоғарғы сот, Бас прокуратура сияқты конституциялық лауазымдарға да қатысты екенін атап өтті. Оның пікірінше, белгілі бір қызметтердің мерзіміне және қайта тағайындалу мүмкіндігіне қатысты нормаларды нақтылау құқықтық тұрғыдан маңызды

Yorumlar
Diğer Haberler