Джеки Чан облыс әкімін көлікке отырғызып, қаланы аралатты

112
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MpUwDFo50MqttL2LI9JpvRnK4bAOgxyzL4tkkKyc.png

Ақтауға жаңа халықаралық фильмнің түсіріліміне келген әлемге әйгілі актер Джеки Чан Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге қала көшелерін аралады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға сәйкес, актер көлікті өзі жүргізуге ниет білдіріп, рөлге отырған. Ал облыс әкімі алдыңғы орындыққа жайғасқан. Осылайша олар Ақтау қаласының көшелерімен бірге жүріп өткен.

Сапар барысында Джеки Чан қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ пен дәстүрлі сусыннан да дәм татты.

Белгілі актердің Қазақстанға келуі халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» экшен-фильмінің түсірілімімен байланысты. Жоба Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Гонконгтың Billion Target студиясы, Қытайдың China Film Group Corporation компаниясы және қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясының бірлесуімен жүзеге асырылып жатыр.

Фильмнің әлемдік прокаты 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Yorumlar
Diğer Haberler