Түркіменстан Каспийдегі кемелерге жасалған шабуылдарды айыптады

137
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FvmZVmAhqUGphcB087SrfIxAnkF2D1jnNzP3fPId.jpg

Түркіменстан Каспий теңізіндегі кемелерге жасалған шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«25 шілдеде халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында Каспий теңізі акваториясындағы кемеге жасалған шабуыл туралы ақпарат жарияланды. Осыған байланысты Түркіменстан сыртқы істер министрлігі мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін мәлімдейді», – делінген дүйсенбі күні жарияланған хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, БҰҰ мойындаған тұрақты бейтарап мәртебеге ие әрі Каспий маңы мемлекеттерінің бірі саналатын Түркіменстан Каспий теңізі бейбітшілік, келісім және тату көршілік аймағы болуы тиіс екенін атап өткен.

Бұған дейін Иран 25 шілде күні таңертең Украина әскері Каспий теңізінде Иран туы астында жүзіп жүрген кемеге соққы жасағанын хабарлаған болатын. Салдарынан бір теңізші қаза тауып, тағы бірі жараланған.

Азаматтық жүк тасымалдаған кеме Ресейдің Астрахань портынан Иранның Энзели портына бағыт алған. Иран парламентінің сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының төрағасы Эбрахим Азизи Украина жасаған бұл шабуыл жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler