Оңтүстік Кореяның экс-президентіне тағы 18 айлық түрме жазасы кесілді

73
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GhromAODB5Dmesg3cFW64Xv90VEtUj7b21q08EbW.webp

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль 2022 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде жалған мәлімдеме жасап, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Сеул сотының шешімімен экс-президент 18 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда сот үкімнің орындалуын үш жылға кейінге шегерді.

Тергеу мәліметінше, Юн Сок Ёль 2022 жылғы наурыздағы президент сайлауы қарсаңында Халық билігі партиясынан кандидат ретінде тіркелу кезінде жалған ақпарат берген.

Егер бұл үкім апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалса, Халық билігі партиясы Юн Сок Ёльдің сайлаудағы жеңісінен кейін сайлау комиссиясынан науқан шығындарын өтеу үшін алған шамамен 40 миллиард вонды мемлекетке қайтаруға міндеттеледі.

Экс-президенттің қорғаушылары сот шешімімен келіспейтіндерін айтып, онда көптеген құқықтық қателіктер бар екенін алға тартты. Олар үкімге апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл – Юн Сок Ёльге қатысты шығарылған алғашқы үкім емес. Бұған дейін ол «Саяси қорлар туралы» заңды бұзғаны үшін тағы екі жылға сотталған болатын.

Сондай-ақ 2026 жылдың ақпанында бұрынғы президент әскери жағдай жариялау арқылы бүлік ұйымдастырды деген айыппен өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Кейін ол бұл шешімге шағым түсірді.

Маусым айында сот Юн Сок Ёльді жауға жәрдемдесті және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп танып, 30 жылға бас бостандығынан айырған.

Бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның Жоғарғы соты сот төрелігіне кедергі келтірді деген іс бойынша оған шығарылған жеті жылдық түрме жазасын да күшінде қалдырған болатын.

Yorumlar
Diğer Haberler