Хиджаб, сақал және араб үлгісіндегі киімге заңмен тыйым салынды

101
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IFurlAOCjxpijrKSXymku8jb5GRE9l0na2FFnv7w.jpg

Тәжікстан билігі хиджаб, ұзын сақал және араб үлгісіндегі киімдерді киюге заңнамалық деңгейде тыйым салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпарат таратты. Билік өкілдерінің мәліметінше, жаңа шектеулер діни радикализм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары заң талаптарының сақталуын күшейтіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәжікстан билігі қабылданған шешім ұлттық дәстүр мен мәдени ерекшелікті сақтауға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ тәжік мәдениетіне жат деп танылған киім түрлерін елге әкелуге және киюге де шектеу қойылған. Жергілікті билік әйелдерді ұлттық тәжік киімін таңдауға шақырса, ұзын сақал қойған ер азаматтарға оны қысқарту немесе қыру ұсынылған.

Айта кетейік, бұған дейін Тәжікстанда қоғамдық орындарда діни атрибуттарды шектеу мәселесі бірнеше рет көтерілген. Жаңа заң осы бағыттағы ең қатаң шаралардың бірі саналады.

Yorumlar
Diğer Haberler