Армения заңсыз алынған 2 млрд долларлық мүлікті қайтармақ

248
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oUYaHMMmiB6Fcpe52Dhl7aAa8laFxi3TlTYBsSfO.jpg

2031 жылға дейін мемлекетке заңсыз жолмен алынған 2 млрд долларлық мүлік қайтарылуы тиіс. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caliber.Az агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, заңсыз алынған ақша қаражаты мен жылжымайтын мүлікті тәркілеуге қатысты құқықтық тетіктердің толыққанды іске қосылуына байланысты бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкіндігі артып келеді. Аталған тетіктер шамамен сегіз жыл бойы, 2025 жылдың соңына дейін қалыптасу кезеңінде болған.

«Бұл аралықта Конституциялық соттың тиісті шешімі мен бірқатар құқықтық акт қабылданды. Енді олар күшіне еніп, жұмыс істей бастады. Сондықтан 2031 жылға дейін көрсетілген нәтижеге қол жеткізу қажет»,–деді Пашинян.

Премьер-министр бұл мақсаттардың 2026–2031 жылдарға арналған үкімет бағдарламасында да бекітілгенін айтты. Аталған бағдарлама бір күн бұрын премьер-министрдің қатысуымен талқыланған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler