Ақтау – Дубай рейстері қыркүйекке дейін тоқтатылды

87
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dNY5hQwNfFJQXhoyKECHsCw3AMEgZuw1dBpf01Aq.webp

Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы әуе рейстері уақытша тоқтатылды. FlyArystan мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда ұзартылды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін әуе компаниясы аталған бағыттағы рейстерді 29 тамыздан кейін қайта бастауды жоспарлаған еді. Алайда аймақтағы ахуалға байланысты ұшу мерзімі тағы да кейінге шегерілді.

FlyArystan жолаушыларға рейстердің жаңартылған мәртебесін бақылап отыруға кеңес берді.

Рейсі тоқтатылған жолаушылар билет құнын толық көлемде және айыппұлсыз қайтаруға құқылы.

Қаражатты қайтару үшін билетті сатып алған жерге жүгіну қажет.

Бұл Ақтау мен Дубай арасындағы әуе қатынасына қатысты алғашқы өзгеріс емес. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты бұған дейін де Дубай бағытындағы бірқатар рейс тоқтатылып, ұшу кестесіне өзгерістер енгізілген.

Мәселен, 12 шілдеде Астанадан Дубайға бағыт алған KC205 рейсі ұшу барысында кері бұрылып, елорда әуежайына қайта қонған. Сол күні Алматыдан Дубайға ұшуы тиіс KC897 рейсі де тоқтатылған.

Кейін Алматы – Дубай – Алматы және Астана – Дубай – Астана бағыттарындағы рейстер 15 шілдеден бастап қайта жанданған болатын. Алайда аймақтағы жағдайдың қайта күрделенуіне байланысты Қазақстан мен Дубай арасындағы кейбір рейстер 21 шілде мен 31 тамыз аралығында тағы тоқтатылды.

FlyArystan Таяу Шығыстағы ахуалды бақылауда ұстап отырғанын және жағдайға қарай рейстер кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

БАӘ-ге сапар жоспарлаған жолаушыларға ұшу алдында рейстің өзекті мәртебесін тексеру ұсынылады.

Yorumlar
Diğer Haberler