Солтүстікте бұршақ жауды

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0zePQDsGDNCI6AX579b8QPo1PtZ7YeZPhiMP3Qwp.webp

Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында бұршақ жауып, тұрғындардың жеке шаруашылығына залал келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар Есіл, Шал ақын және Мамлют аудандарында бұршақ жауғанын хабарлады. 

Явленка ауылында бұршақ көлемі кішірек болғанымен, қатты жел мен жауын-шашын салдарынан бірқатар нысанға зақым келген. Тұрғындардың айтуынша, қолайсыз ауа райы шамамен жарты сағатқа созылған. Алдымен 15 минут бойы нөсер жаңбыр жауып, кейін бұршаққа ұласқан. Қатты желдің салдарынан кейбір үйлердің шаруашылық құрылыстарының шатыры бүлініп, қоршаулар зақымданған.

"Қазгидромет" мамандарының болжамынша, 16 тамызда да облыстың солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы ықтимал. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.

Yorumlar
Diğer Haberler