Мектеп формасын сақтамаған оқушының ата-анасы айыппұл арқалайды — министрлік

308
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AL9EDyTMZl0fVJzQzOwgYmkCaYILezHFS11xShGF.jpg

Мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін киіммен келген оқушыны сабаққа кіргізбеуге болмайды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алайда мұндай жағдайда ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты.

Вице-министрдің сөзінше, «Білім туралы» заңға сәйкес баланы оқу процесінен шеттетуге жол берілмейді. Әрбір оқушы сапалы білім алуға құқылы.

«Сондықтан оқушы мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін киіммен келсе де, оны мектепке кіргізбеуге болмайды», – деді Шынар Ақпарова.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес ата-аналар білім беру ұйымы бекіткен мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

«Білім туралы» заңның 47-бабында оқушылардың, ал 49-бабында ата-аналардың құқықтары мен міндеттері белгіленген. Ата-аналар білім беру ұйымы бекіткен мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауы қажет.

Бұл талаптарды бұзған жағдайда ата-аналарға 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. 2026 жылы 1 АЕК 4 325 теңге болғандықтан, айыппұл көлемі 21 625 теңгені құрайды.

Yorumlar
Diğer Haberler