Атырау әуежайына ұшақ шұғыл қонды. Шетелдік жолаушы көз жұмды

643
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iUygo1p0fqfqhRoQbmHGjK5BSsZ4arj51oFopaOL.webp

Түркиядан Ресейге ұшып бара жатқан «Аэрофлот» әуе компаниясының лайнері Атырау әуежайына шұғыл қонды. Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқиға 25 тамызда болған. Мәліметке сәйкес, Анталиядан Екатеринбургке бағыт алған «Аэрофлот» әуе компаниясының рейсі 41 жастағы жолаушының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты Атырау әуежайына мәжбүрлі түрде қонған. Ер адам Түркиядағы демалыстан кейін еліне қайтып келе жатқан. Ұшу барысында оның жағдайы күрт нашарлаған. Алайда көрсетілген көмекке қарамастан, жолаушы көз жұмған.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді алғашқы тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі»,– деп түсіндірді Атырау станциясындағы көлік полициясы.

Yorumlar
Diğer Haberler