“Діни алауыздық”. Екі блогердің ұсталғаны хабарланды

57
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматыда екі блогердің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Алматыда екі блогердің әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты қылмыстық бап бойынша ұсталғаны хабарланды.
Бұл туралы ANNA News басылымына сотталған блогер Ермек Тайшыбековтің ағасы Марлен айтқан.
Оның айтуынша, Эльмира «Вайс» Кулакова мен Анастасия Ахметова ұсталған. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты. Блогерлердің нақты қандай әрекеті қылмыстық іске себеп болғаны әзірге белгісіз. Сондай-ақ олардың қазіргі процессуалдық мәртебесі туралы ресми ақпарат жоқ.

Бұған дейін Қазақстанда проресейлік бағыттағы бірқатар блогерге қатысты істер қозғалған. Олардың қатарында «Северный казах» деген атпен танымал Аслан Төлегенов пен Ермек Тайшыбеков бар.

Ақпарат әзірге ресми құқық қорғау органдары тарапынан расталған жоқ. 

Yorumlar
Diğer Haberler