Қайта келем дей ме? Алматыда Ленин ескерткіші уақытша алынып тасталды

202
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EBkJ62hRaj7x0Wh1ciq9lSZvYC3NUr1yBWHCwgsc.webp

Алматының Түрксіб ауданында Владимир Лениннің ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ескерткіш Сейфуллин даңғылы мен Шолохов көшесінің қиылысындағы саябақта тұрған. Тамыз айының ортасында аумақ қоршалып, тұрғындарға болашақ балалар ойын алаңының жобасы ұсынылған. Кейін монумент орнынан жоғалып кеткен. Қазір бұл жерде құрылыс техникасы жұмыс істеп жатыр.

Ескерткіштің алынуы әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Бірқатар тұрғындар кеңестік кезеңнің символын алып тастауды қолдаса, енді біреулері құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қатысты сын айтты.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, монумент жөндеу және абаттандыру жұмыстары кезеңінде уақытша алынған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін ескерткіш бұрынғы орнына қайта орнатылады.

Айта кетейік, Ленин ескерткіші Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де Түрксіб ауданындағы саябақта сақталып келген. Ал бұған дейін ол Алматының орталық бөлігінде орналасқан болатын. 1990-жылдары монумент қазіргі орнына көшірілген.

Сурет: «Вести Алматы»

Yorumlar
Diğer Haberler