ҰҚШҰ Ресейде әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр

261
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/lO6Bq7XnP3yP04DDiPM3LU4h4mHv1VM8VXnHPnIv.jpg

Ресей аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының  «Өзара іс-қимыл — 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» әскери оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ашылу рәсімі Чебаркуль полигонында өткен.

Оқу-жаттығуларға ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери контингенттері қатысуда. Ашылу салтанатында ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Андрей Сердюков, ұйым Бас хатшысының орынбасары Мирлан Тұрғынбеков, әскери контингенттердің басшылары және қатысушы мемлекеттердің өзге де өкілдері болды.

Андрей Сердюков басталған оқу-жаттығулардың ҰҚШҰ-ның 2026 жылға арналған жауынгерлік даярлығының негізгі кезеңдерінің бірі екенін мәлімдеді.

Жаттығулар барысында ұйымға мүше елдердің әскери қызметкерлері бірлескен дайындықтан өтіп, бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды пысықтайды. «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары ҰҚШҰ-ның жедел және арнайы даярлық бағытындағы негізгі іс-шараларының қатарына кіреді.

Бұған дейін 24 қыркүйек — 3 қазан аралығында Ресейде ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының өтетіні айтылған еді.

Yorumlar
Diğer Haberler