Киевке дрон шабуылдады. Ғылым академиясы мен медициналық орталық зақымданды

88
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6owoyxgpn789iWjGGIDdeuLIXm9PlV4JJ73AKqh7.webp

Фото: dsns_telegram

28 қыркүйек күні Киевке бірнеше рет дрон шабуылы жасалды. Шабуылдардың бірі Украина Ұлттық ғылым академиясының орталықтағы тарихи ғимаратына, екіншісі «Добробут» медициналық орталығына бағытталған. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, шабуылдар салдарынан бір әйел қаза тауып, кемінде 19 адам жараланған. Зардап шеккендердің арасында үш бала бар.

Алғашқы шабуыл шамамен сағат 13:30-да Владимирская көшесінде орналасқан Ғылым академиясының үш қабатты ғимаратына жасалған. Дрон соққысынан кейін ғимаратта өрт шығып, құрылысқа айтарлықтай зақым келген. Құтқарушылар ғимарат ішінде болуы мүмкін адамдарды іздестірді.

Кейін сағат 15:15 шамасында Антонович көшесіндегі «Добробут» медициналық орталығына дрон соққысы тиген. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, мұнда жеті адам зардап шеккен. Ғимараттың бірнеше қабаты мен медициналық жабдықтар зақымданған.

Шабуылдардың бірінде Украинаның бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Владимир Горбулин де жеңіл жарақат алған. Оның жағдайын BBC-ге екі дереккөз растаған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның көмекшісі қаза тапқан.

Украина билігінің мәліметінше, соңғы күндері Киев пен Киев облысына шабуылдар жалғасып жатыр. Ресей Қорғаныс министрлігі дүйсенбі таңертеңгі соққылардың нысанасы Киевтегі екі дата-орталық болғанын хабарлаған. Күндізгі шабуылдарға қатысты Ресей тарапы әзірге түсініктеме берген жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler