АҚШ-та Нантакет маңында жоғалған ұшақ жолаушыларын іздеу тоқтатылды

129
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4psfRUgEZgNf6fHVeiTYscp5yUznXKWYZMRyntwb.webp

АҚШ жағалау күзеті Массачусетс штатындағы Нантакет аралы маңында жоғалған санитарлық авиация ұшағындағы алты жолаушыны іздеу жұмыстарын екі күннен кейін тоқтатты. Бұл туралы Report жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жағалау күзеті Нантакет аралы жағалауында жоғалған медициналық тасымал ұшағындағы алты жолаушыны іздеуді тоқтатты. Ұшақ бортында алты адам болған, олардың төртеуі — Канада азаматтары, екеуі — Бермуд аралдарының азаматтары. Қаза тапқандардың туыстарына хабар берілді», – делінген АҚШ жағалау күзетінің мәлімдемесінде.

Мәліметке сәйкес, құтқару қызметтері шамамен 66 сағат бойы аумағы 7,1 мың шаршы шақырымды қамтитын өңірде іздеу жұмыстарын жүргізген.

Еске салсақ, Бермуд аралдарынан Бостон қаласына бағыт алған Gulfstream G100 санитарлық авиация ұшағымен байланыс 3 қазан күні таңертең ерте үзілген болатын. Кейінірек әуе кемесінің сынықтары табылды.

Yorumlar
Diğer Haberler