Ресейдің Ауғанстан бойынша кеңесі сәтсіз аяқталды

207
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2yeFzvsLUn5rkOBsS9NkSWAZRVU1BeIVH6LvcFh3.webp

Фото: Коммерсантъ
Ресей астанасы Мәскеуде 5 қазан күні Ауғанстан мәселесі бойынша кеңестердің VIII отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна” Интерфаксқа сілтеп. 

Кездесуге Орталық және Оңтүстік Азияның он мемлекетінің жоғары лауазымды өкілдері қатысты.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, тараптар Ауғанстанмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ терроризм мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы өңірлік өзара іс-қимылды талқылаған.

Кездесуге Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның арнайы өкілдері қатысты. Ауғанстанның сыртқы істер министрі Әмір Хан Моттаки қорытынды құжатқа қол қоюдан бас тартты.

Ресейдің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Замир Кабуловтың айтуынша, Моттаки құжат мәтінінде Ауғанстанның «терроризм контекстінде тым жиі аталуына» наразылық білдірген.

Кездесу барысында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Талибанның» Ауғанстанды қалпына келтірудегі жұмысына оң баға беріп, есірткі және терроризммен күрестегі жетістіктерін атап өтті.

Айта кетейік, Мәскеу форматындағы кеңестер Ресейдің бастамасымен 2017 жылы құрылған. 2025 жылы Ресей «Талибанды» террористік ұйымдар тізімінен шығарған.

Yorumlar
Diğer Haberler