Өскемендегі ауаның ластануы. «Казцинк» жауапкершілікке тартылды

283
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iCnUJ8zwCZ9O212esr1gYqXGTnOhFmNLqhs9PJRt.jpg

Фото: Istockphoto.com

Өскемен тұрғындарының өнеркәсіптік аймақтағы ауаның ластануына қатысты бірнеше мәрте шағымдануынан кейін экологтар «Казцинк» кәсіпорнына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс шығарылғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна".

Шығыс Қазақстан облысының Экология департаменті 2026 жылғы 15 қазанда «Казцинк» ЖШС-нің Өскемен металлургиялық кешеніндегі тексеру жұмыстары аяқталғанын мәлімдеді. Зертханалық талдау нәтижелері кәсіпорыннан шығатын ластаушы заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып кеткенін көрсетті.

Ведомствоның мәліметінше, бұған газ тазарту қондырғыларының бір бөлігін пайдалану кезінде жіберілген кемшіліктер себеп болған. Соның салдарынан өндірістік газдар жобада қарастырылған талаптарға сай толық тазартылмаған.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 331-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде тиісті нұсқама берілді.

Yorumlar
Diğer Haberler