Дубайда роботтар өнер көрсететін алаң ашылды

271
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0KL7IIixO72ppWppxF4vZKkHAZTrvIIxrjAOXxvo.webp

Ойын-сауық технологияларына маманданған Оңтүстік Кореяның Galaxy Corp. компаниясы Дубайда роботтар өнер көрсететін Galaxy Robot Arena алаңын ашты. Бұл туралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жоба Дубайдағы Emaar Entertainment және Reel Cinemas компанияларымен бірлесіп, Dubai Mall сауда-ойын-сауық кешенінің аумағында жүзеге асырылған. Бұл — Galaxy Corp. компаниясының Оңтүстік Кореяда ашылған алғашқы аренасынан кейінгі екінші осындай алаңы.

Ашылу салтанатында гуманоид роботтар K-pop және Таяу Шығыс музыкасының сүйемелдеуімен синхронды би билеген. Сондай-ақ көрермендерге Оңтүстік Корея мен Біріккен Араб Әмірліктерінің жалауларын ұстаған, ғарышкер киімін киген роботтар таныстырылған. Бұл қойылым екі ел арасындағы ынтымақтастықты бейнелеген.

Galaxy Corp. компаниясы алғашқы тақырыптық роботтар саябағын тамыз айында Сеулде ашқан. Ал қыркүйекте Нью-Йорктегі Таймс-скверде жарнамалық науқанын бастаған.

Алдағы уақытта компания роботтар қатысатын ойын-сауық жобаларын халықаралық нарықта кеңейтіп, Гонконг, Токио және Сингапур қалаларында осындай ареналар ашуды жоспарлап отыр.

Yorumlar
Diğer Haberler