Ресей елшісінің зайыбы әйелдер клубына кірген соң 3 елшінің жұбайы ұйымнан кетті

88
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4WgIcz1DSs61TV6KrSihsVVgdqYQ8FaUueStBzYP.jpg

Украина, Италия және Эстонияның Аустралиядағы елшілерінің жұбайлары Канберрадағы Халықаралық әйелдер клубының құрамынан шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Strana.ua-ға сілтеп.

Бұған Ресей елшісінің жұбайы Ирина Петракова клуб мүшелігіне қабылдануы себеп болған.

Клуб президентінің айтуынша, Ирина Петраковадан оның шыққан еліне байланысты мүшеліктен бас тарту кемсітушілікке қарсы заңнаманы бұзу болып саналар еді. Сондықтан ол клуб құрамына қабылданған.

Ал Украина елшісінің жұбайы Лиана Мирошниченко клуб мүшелеріне жолдаған электрондық хатында қарсылығы Петраковамен оның ұлтына байланысты емес, Ресейдің өкілі ретіндегі мәртебесіне қатысты екенін түсіндірген.

Ол Ресейдің Украинаға қарсы соғысы салдарынан жақындары мен достарынан айырылғанын айтып, мұндай жағдайда Ресей дипломатының жұбайымен бір клубта болуды қабылдай алмайтынын жеткізген.

ЕО Аустралиядағы елшісі Лоуренс Мередит Politico басылымына берген сұхбатында Халықаралық әйелдер клубының Ирина Петраковны мүшелікке қабылдау туралы шешіміне ЕО елдері «қатты көңілі қалғанын» айтқан. Алайда ол бұл мәселеге байланысты қандай да бір нақты шара көзделген-көзделмегенін айтпады.

Канберрадағы Халықаралық әйелдер клубы дипломаттардың жұбайлары мен түрлі елдердің әйел өкілдерін біріктіреді. Ұйым мәдени және қайырымдылық іс-шараларын өткізеді. Клуб мүшелігі ерікті негізде жүзеге асырылады.

Ресей мен Еуропалық одақ елдерінің қарым-қатынасы әлі де күрделі. Еуропаның бірқатар мемлекеті Ресей дипломаттарымен байланысын шектеген. Алайда Австралияда мұндай шектеулер әйелдер клубтары деңгейінде енгізілмеген.

Yorumlar
Diğer Haberler