Кемі 45 жыл. Елдегі мұнай қоры қаншаға жететіні айтылды

176
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wjrGAn2YPdtru6QFdnb4nGXaYwUgYDkdZ3kr0BMu.jpg

Қазақстандағы мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетеді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Асхат Хасенов Үкімет кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қанша уақытқа жететінін есептеп көрейік. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» жылына 26 млн тонна мұнай өндіреді. Есептеуді жеңілдету үшін қор көлемін 800 млн тонна деп дөңгелектейік. Сонда мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетеді. Алайда бұл 45 жылдан кейін мұнай қоры толық таусылады деген сөз емес. Себебі ресурстық база үнемі толықтырылып отырады. Геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, жаңа кен орындары анықталғаннан кейін олардың қоры бірден есепке алынады. Яғни қор көлемі тұрақты түрде жаңарып отырады», – деді ол.

Асхат Хасеновтің айтуынша, бүгінде «ҚазМұнайГаздың» мұнай қоры 785 млн тоннаны құрайды.

Yorumlar
Diğer Haberler