Әкесі дүкенге кеткенде көлікті оталдырған бала дәмханаға соғылды

136
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/EzhHRv0g8S7eLRWELComGaY4ecVseBICZndZEbPu.webp

Астанада автокөлік дәмханалардың бірінің терезесіне соғылды. Оқиға кезінде көлік тізгінінде кәмелетке толмаған бала болған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Ақпаратқа сәйкес, оқиға елорданың оң жағалауында болған.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы өткен жұмада болған.

Полицияның хабарлауынша, Daimler Chrysler маркалы автокөліктің жүргізушісі көлігін қараусыз қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы сәтте оның кәмелетке толмаған ұлы көлікке отырып, қозғалтқышын оталдырған. Соның салдарынан автокөлік қозғалып кетіп, дәмханалардың бірінің ғимаратына соғылып, терезесін сындырған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар ол кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін де жауапқа тартылады. Дәмханаға келтірілген материалдық шығынды көлік иесі өтеуге тиіс.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, балаларын көлікте қараусыз қалдырмауды ескертті.

Yorumlar
Diğer Haberler