Илон Маск Қазақстандағы бес аңшының құтқарылуына қатысты пікір білдірді

116
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MH4fqGQ7A72DJsRtMwXzDaebLFsVTAwX6aTFyLnA.webp

Шығыс Қазақстан облысының қар басқан тауларында қалып қойған 5 қазақстандықтың оқиғасы америкалық миллиардер Илон Масктың назарын аударды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Байланыссыз қалған ер адамдар Starlink спутниктік интернеті арқылы құтқарушыларға хабар бере алған.

«Starlink адам өмірін құтқарады», – деп жазды миллиардер.

Айта кетейік, бұл оқиға қазан соңында болған еді. Күршім ауданында бес аңшы мінген жол талғамайтын көлік бұзылып қалған. Олар Қыстау Күршім ауылынан шамамен 15 шақырым жерде, таулы аймақта болған. Оларға Starlink спутниктік байланысы көмектескен. Ер адамдар өздерінің қай жерде екенін құтқарушыларға хабарлап, көмек келгенше олармен байланыста болған.

Аңшыларға жету үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері «Трэкол» қарда жүретін көлігімен шамамен 100 шақырым жол жүрген. Құтқарушылар ер адамдарды тауып, олардың жол талғамайтын көлігін ауылға дейін алып баруға көмектескен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Еске салайық, Қазақстандағы Beeline компаниясы елде Starlink Mobile технологиясын алғаш болып таныстырған еді. Бұл технология смартфон арқылы спутниктік байланысқа тікелей қосылуға мүмкіндік береді. Оның басты артықшылығы – қосымша жабдық сатып алудың, спутниктік антенна орнатудың немесе арнайы терминалдарды пайдаланудың қажеті жоқ. Қосылу үшін мобильді құрылғы мен тиісті байланыс профилін баптау жеткілікті.

Yorumlar
Diğer Haberler