Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

150
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/rj36wwpK960uhLDodqZmgJq7E3Rwcngps9sxKJIc.webp

Фото: gov.kz 

Алматы халықаралық әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болып, мердігер компанияның бір қызметкері көз жұмды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Әуежай өкілдерінің хабарлауынша, оқиға перронның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумағында болған.

«Алматы әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп, тергеу жұмыстары аясында олармен бірлесіп әрекет етіп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ баспасөз қызметі тергеу аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайына қатысты қосымша ақпарат бере алмайтынын атап өтті.

Алматы халықаралық әуежайының әкімшілігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

Yorumlar
Diğer Haberler