Қазақстан Ресейдегі Усть-Луга теңіз портындағы мұнай экспортын уақытша тоқтатты

146
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iSsNUnK6SrGVmJjDv9v9VLvYQLqx91DZ4RvscA21.webp

Қазақстан 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга теңіз порты арқылы мұнай жөнелтуді тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұған транзиттік құбыр инфрақұрылымындағы техникалық шектеулер себеп болған.

Энергетика министрлігінің айтуынша, экспортты тоқтату басқа жағдайларға байланысты емес. Бұған дейін қол жеткізілген келісімдер мен индикативтік баланстар өзгеріссіз сақталады.

Министрлік өкілінің сөзінше, Қазақстан мұнайының жоспарланған экспорт көлемі қолданыстағы өзге бағыттар арқылы жөнелтіліп жатыр. Сондай-ақ жүк жөнелтушілер алдындағы міндеттемелер толық орындалуда.

Ол 11 қарашаға қараған түні Усть-Луга портының нысандарына ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасалған шабуыл мұнай тасымалы мен экспортына әсер етпегенін атап өтті.

«ҚазТрансОйл» ұлттық операторының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қазақстаннан Усть-Луга бағытына 1 миллион 958 мың тонна мұнай жөнелтілген

Yorumlar
Diğer Haberler