Ұлытауға жол түссе: көруге тұрарлық тарихи және табиға мекендер

154
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IFvtQls7cFgNl1NlhfXlLYtlmHJDsZbnlRRIvJLO.jpg

Ұлытау – қазақ даласының шежіресін бойына сақтаған, тарихи ескерткіштері мен табиғи көріністері үйлесім тапқан қасиетті өлке. Бұл өңірге табан тіреген жанды сан ғасырлық тарихтан сыр шертетін кесенелер, асқақ таулар мен көркем табиғат қарсы алады.

Ұлытаудың әрбір нысанының өзіндік тарихы мен тағылымы бар. Соның бірі – Жошы хан кесенесі. Ортағасырлық сәулет өнерінің көрнекті үлгісі саналатын бұл ескерткіш Ұлытау өңірінің тарихи маңызын айшықтайды. Ал Алаша хан кесенесі мен Домбауыл кесенесі де қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасынан ерекше орын алады.


Өңірдің табиғи келбеті де назар аударуға тұрарлық. Ақжар тауларының ерекше бедері, Тамды өзенінің тұнық суы мен Едіге тауының асқақ көрінісі саяхатшыларға өзгеше әсер сыйлайды. Сонымен қатар Мақат сағанасы, Хан ордасы, Жәкуда ишан медресесі және «Бұланты шайқасы» монументі – өлкенің тарихи-танымдық бағыттағы маңызды нысандары.


Ұлытауға сапар – тек көрікті жерлерді тамашалау емес, туған өлкенің тарихын тереңірек танып, оның табиғи байлығын бағалай түсуге мүмкіндік беретін саяхат. Мұнда әрбір мекеннің өз айтары, әрбір тарихи нысанның өз тағылымы бар.

Ұлытау – тарихы терең, табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары өңір. Оның әрбір тарихи ескерткіші мен табиғи нысаны қазақ даласының бай мұрасын танытады. Бұл өлкені бір рет аралау арқылы оның бар қырын тану мүмкін емес. Сондықтан Ұлытаудың жаңа бағыттарын ашып, тарихи орындарымен жақынырақ танысуға әлі де себеп көп.

 

Yorumlar
Diğer Haberler