10 қалада ауаның ластану деңгейі артады. "Қазгидромет" ескерту жасады

325
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FCo2PhPmwnMynSMfnRhBjekBjOxf0WGmuwGKiRAO.jpg

Фото: wikipedia

Бүгін, 20 қарашада Қазақстанның 10 қаласында ауаның ластану деңгейі артады деп күтіледі. Бұл туралы “Қазгидромет” жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 20 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желсіз тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы факторларының үйлесуі. Мұндай кезде ауаны ластайтын зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналады.

Сондай-ақ "Қазгидромет" РМК мамандары еліміздің 17 облысында күн райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Yorumlar
Diğer Haberler