Бүгін Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының алдағы 2028 жылы құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған ауқымды инвестициялық форум өз жұмысын бастады.
Шараның басты мақсаты – өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, жаңа бизнес-бастамаларды қолдау және аудан экономикасына инвестиция тарту.
Форум аясында облыс пен аудан кәсіпкерлеріне, қаржы және даму институттарының өкілдеріне, салалық басқармалар мен әлеуетті инвесторларға ауданның өндірістік, ауыл шаруашылығы және туристік бағыттағы басым жобалары мен инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылуда.
Бұл бастама ауданда жаңа жұмыс орындарын ашуға және кәсіпкерлік саласын жаңа деңгейге көтеруге тың серпін бермек.
Орал қаласында «Шыңғырлау ауданының 100 жылдығына – 100 инвестициялық жоба» атты инвестициялық форум өтіп жатыр
20.11.2026
296
Yorumlar
