Алматыда салмағы 5 келі сәби дүниеге келді

3034
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/9d933905-9223-47f5-8c2e-0501519acd74.jpeg
Алматы қаласындағы №4 қалалық перзентханасында салмағы 5 келіден асатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Анасы қызын Дарья деп атады. Айтуынша, ол — отбасындағы төртінші бала. Мамандар ультра-дыбыстық зерттеу кезінде сәбидің салмағы 4600-4800 болады деп болжанғанын атап өтті. Сол себепті дәрігерлер Дарьяны кесарь тілігі арқылы босандырып алуы керек еді.
«Ультрадыбыстық зерттеу кезінде іштегі нәрестенің салмағы 4600-4800 болады деп болжанған. Кенет толғақ қысып, қарашаның бірінде таңғы сағат 5:30-да табиғи жолмен дүниеге қыз бала келді», – дейді акушер-гинеколог Айнұр Иманқұлова.
Yorumlar
Diğer Haberler