Асхат Жұмағали Біріккен Араб Әмірлігінің Бас прокурорымен кездесті

3872
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/photo_95611.jpeg
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Асхат Жұмағали Біріккен Араб Әмірлігінің Бас прокурорымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Біріккен Араб әмірліктеріне болған кездесу жайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры Асхат Жұмағалидің өзі хабарлады.
- Жұмыс кездесулерін жалғастырудамыз. Бүгін бізді БАӘ Бас прокуроры қабылдады. Біз іздестіру және экстрадициялау мәселелерін талқыладық, - деді генерал-майор.
Еске сала кетейік, осыған дейін де ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі:
«БАӘ Әділет Министрі қылмыскерлерді беру және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Бас прокуратурасымен ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді,сондай-ақ іздеуде жүрген тұлғаларды экстрадициялау туралы Қазақстанның барлық сұранымдарын жедел және оң шешім шығара отырып қарауға қажетті барлық шаралардың қабылданатынына сендірді», -деген болатын.
 

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Yorumlar
Diğer Haberler