Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралды. Бұл туралы «All Stars Boxing» компаниясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
«All Stars boxing» кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өнер көрсетеді»,- деді компания.
Турнир 28 қыркүйекте «Алматы аренада» өтеді.
Айта кетейік, кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Елеусінов 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта IBO титулын жеңіп алды.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз