Белгілі боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралады

2778
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/98c9366d-fa8b-4c3f-afbf-669b886712b7.jpeg
Белгілі қазақстандық  боксшы Данияр Елеусінов шаршы алаңға оралды. Бұл туралы «All Stars Boxing» компаниясының баспасөз қызметі  жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «All Stars boxing» кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы және Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өнер көрсетеді»,- деді компания. Турнир 28 қыркүйекте «Алматы аренада» өтеді. Айта кетейік, кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Елеусінов 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилге қарсы өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта IBO титулын жеңіп алды.
评论