Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Венгрияға барды

1496
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/whatsapp-image-2024-11-20-at-06.14.18.jpeg
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Венгрияға барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Мемлекет басшысын Будапешт әуежайында Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан күтіп алды. Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия президенті Тамаш Шуйокпен және премьер-министр Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді. Бұл кездесулерде екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту перспективалары талқыланады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Мажарстанның ірі бизнес өкілдерімен де кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Будапешт қаласына мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен бірге Puskas Arena Park стадионына барып, УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтіп жатқан Венгрия мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчын тамашалады.
Yorumlar
Diğer Haberler