ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрнекті ақын, Халық жазушысы Темірхан Медетбектің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Қазақ әдебиетінің тағы бір бәйтерегі құлады. Халық жазушысы, көрнекті қаламгер, алаш жырының алдаспанына айналған Темірхан Медетбек ағамыз бақиға аттанды. Барша қазақ еліне, ақынның ағайын-туыстары мен отбасына қайғыра көңіл айтамын», – деді министр.
Ол өз мәлімдемесінде ақынның поэзиясы ұлттық рух пен елдік мұраттарды биік деңгейде жеткізе алғанын атап өтті.
«Темірхан Медетбек – өз заманының азаматтық үнін жеткізген, ұлттық болмыс пен тарихтың жарқын жыршысы бола білген үлкен жүректі ақын. Оның отты әрі асқақ жырлары көк түріктер сарынын жаңғыртып, қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерді», – деді Аида Балаева.
Diğer Haberler
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз