Зеленский Путинді Түркияда күтетінін айтты

1462
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/346991033491446-960x500.jpeg?token=22c17c40a9ee8ed1369b17ff6a9f059c

Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөздер жүргізуге келісті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей басшысын 15 мамыр күні Түркияда күтетінін жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сондай-ақ Зеленский Киев Мәскеуден 12 мамырдан бастап атысты толығымен тоқтатуды күтетінін айтты.

«Толық және ұзақ мерзімді, дипломатияға қажет негізді қамтамасыз ету үшін Ресейдің атысты тоқтатуын күтеміз. Адам өлтіруді ұзартудың еш мәні жоқ. Ал мен Путинді жеке өзім бейсенбі күні Түркияда күтемін»,—деді ол.

Еске салайық, 11 мамырға қараған түні Владимир Путин Кремльде сөйлеген сөзінде Украинаға тікелей келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасаған болатын. Ресей басшысы бұл мәлімдемеден кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ердоған Түркияның Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді ұйымдастыруға қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler