«Жас құтқарушы»: қауіпсіздікке алғашқы қадам

995
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9285-960x500.jpeg?token=76467c2c85c4ad2422924477b5c60c0d
2025 жылдың 20–22 мамыр күндері аралығында Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының «Евразия» туристік кешенінде облыстық «Жас құтқарушы» слеті өтуде. Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар – Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті және облыстық туризм және экология орталығы. Слеттің басты мақсаты – жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларын жан-жақты дамыту, олардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындықтарын арттыру және азаматтық жауапкершілік пен командалық рухты қалыптастыру. Слетке облыстың аудандық (қалалық) кезеңдерінде оза шапқан жасөспірімдер – 15-17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысуда. Әр аудан мен қаладан келген командалар құрамында 10 қатысушы бар: 5 ұл, 1 қыз бала міндетті түрде, сондай-ақ қосымша 1 ұл мен 1 қыздан құралған топ пен 2 ересек (жаттықтырушы мен команда жетекшісі). Слет барысында қатысушылар түрлі жарыстар мен жаттығуларға қатысады. Олардың ішінде – алғашқы медициналық көмек көрсету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, құтқару операциялары, туристік кедергілерден өту сияқты тапсырмалар бар. Бұл жаттығулар жас жеткіншектердің төзімділігін, ептілігін, зейінділігі мен шұғыл шешім қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Осындай форматтағы слеттер оқушылардың физикалық және психологиялық дайындығын арттырып қана қоймай, өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. «Жас құтқарушы» – бұл тек жарыс емес, бұл – ертеңгі қауіпсіз қоғамды қалыптастыратын, жауапты да батыл азаматтарды тәрбиелеу алаңы.
Yorumlar
Diğer Haberler