Еуроодақ тағы бір өзбек компаниясын санкциялар тізіміне қосты

1314
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9363-960x500.jpeg?token=9bfd7931ba1606992ea03477ab32c78f

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы 17-ші санкциялар пакеті аясында Өзбекстандағы Trade Engine System компаниясын қара тізімге енгізді. Санкциялар тізімі ЕО-ның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Trade Engine System компаниясы электрондық және телекоммуникациялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің көтерме саудасымен айналысады. Компания 2022 жылы тіркелген. Оның басшысы және құрылтайшысы ретінде Насиржан Акбаров көрсетілген.

Бұл — Еуропалық Одақ санкция енгізген Өзбекстандағы бесінші ұйым. Бұған дейін Alfa Beta Creative LLC, GFK Logistics Asia LLC, Mvizion LLC, UZSTANEX LLC компаниялары қара тізімге енген еді.

Сондай-ақ санкциялар тізімінде қазақстандық төрт компания бар.

Айта кетейік, 17-ші санкциялар пакетіне Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия және Вьетнам елдерінен 75 жеке және заңды тұлға енген.

Yorumlar
Diğer Haberler