Путиннің Украинаға қарсы соғысты тоқтату үшін қойған шарттары жарияланды

1383
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/08/53549139-d6ce-44c2-9747-0f75ec0f92e3-960x500.jpeg?token=940ec5e8b8b1daab7ff25aec243332d7

28 мамыр күні Reuters агенттігі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысты тоқтату үшін қойған шарттарын жария етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Агенттік деректеріне сәйкес, Путин Батыс елдерінің басшыларынан НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін тоқтату және Ресейге салынған кейбір санкцияларды алып тастау туралы жазбаша кепілдік талап етіп отыр.

Путиннің бұл ұсыныстары аясында Украина, Грузия, Молдова және басқа да бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің НАТО-ға мүше болуын ресми түрде болдырмау, Украинаның бейтарап мәртебесін заңдастыру, сондай-ақ елдегі орыстілді халықтың құқықтарын қорғау мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, Ресей басшысы Орталық банктің қатып қалған активтері бойынша да мәселе көтеруде.

Reuters дереккөздерінің бірі Кремльдің экономикалық қиындықтарға қарамастан, соғысты жылдар бойы жалғастыра алатынын айтады. Егер Путин өз шарттарымен келісімге қол жеткізе алмаса, ол Украина үшін болашақтың бұдан да ауыр болатынын көрсетуді мақсат етеді, делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты америкалық Politico басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың Путинге қатысты көзқарасы туралы ақпарат таратты. Басылым мәліметінше, Трамп Путинге қатысты әзірге нақты шешім қабылдамаған.

АҚШ әкімшілігіндегі дереккөздер Трамптың соңғы күндері Путинге қатысты "есінен адасқан", "отпен ойнап жүр" деген сияқты қатаң мәлімдемелер жасағанын алға тартады. Politico хабарлауынша, АҚШ президенті Ресейдің Украинаға шабуылдарын күшейтуіне жауап ретінде қосымша санкциялар енгізу туралы шешім қабылдау алдында тұр.

Бірқатар АҚШ шенеуніктері санкциялардың америкалық экономикаға зиян тигізуі мүмкін екенін айтып, сақ болуға шақырса, Конгресстегі республикашылдар, әсіресе Сенат көшбасшылары, санкцияларды күшейтуді қолдайтынын білдірді.

Yorumlar
Diğer Haberler