Алматыда еріктілер психикалық ауытқуы бар үш қазақстандыққа іздеу жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Олардың екеуі – Психикалық денсаулық орталығынан, ал біреуі – полиция басқармасынан қашып кеткен.
Денис Антипин – бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қара қоңыр, көзі қоңыр, сол көзінің жанында қал бар. Ол жоғалған кезде үстінде ақ жейде, қара шорты және ашық түсті шәркей болған.
Павел Лавров – бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр, білегінде тыртық іздері бар. Үстінде қара футболка, қара шорты және қара шәркей болған.
Елисей Балакин – бойы 176 см, арық денелі, шашы қысқа, қара қоңыр түсті, көзі қоңыр. Қара футболка киген (кеудесінде ақ жазуы бар), қара спорттық шалбар және қара кроссовкиде болған.
Антипин мен Лавров 2025 жылдың маусым айының басынан бері іздестірілуде, ал Балакин – 25 мамырдан бастап хабар-ошарсыз кеткен.