Көпірлердің құлауы. Бірнеше күн өткенде Путин Украинаны айыптады

2118
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/51b9c4e5-0233-402b-a3ff-46fd16ccca8b-960x500.jpeg?token=8f7142447e2a9a62be0561b7f0a7498a
Ресей президенті Владимир Путин алғаш рет Брянск және Курск облыстарындағы теміржол көпірлерінің құлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ол бұл оқиғаларды "терроризм" және "азаматтық халыққа қасақана жасалған соққы" деп атап, Украинаны Ресеймен келіссөздерді болдырмау үшін осындай әрекетке барды деп айыптады. Путиннің айтуынша, бұл шабуылдар Стамбулда 2 маусым күні өткен Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздерге дейінгі уақытта орын алғаны — олардың кездейсоқ емес, әдейі ұйымдастырылғанын көрсетеді.
"Бұл — келіссөз процесін бұзуға бағытталған әрекет. Украина билігі бейбітшілікке ұмтылмайды, керісінше, уақытты қарулану мен жаңа шабуылдарға дайындық үшін пайдалануға тырысады", — деді Путин үкімет мүшелерімен өткізген жиында.
Путин Украинамен келіссөздер жүргізуге дайын емес екенін тағы бір мәрте мәлімдеп, Киевті "бітім шарттарын алдап пайдаланып келеді" деп айыптады. 2025 жылдың 31 мамырында Брянск облысында кешкі уақытта теміржол көпірі құлап, сол сәтте өтпек болған жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Ресми мәлімет бойынша, 7 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алған. Оның ішінде үш бала бар. Оқиға орнында бастапқыда "жарылыс болған" деген болжам айтылғанымен, кейінірек Ресейдің тергеу комитеті бұл мәліметті ресми хабарламасынан алып тастап, тек "құрылым құлады" деп шектелді. Ал келесі күні, 1 маусымда Курск облысының Железногорск ауданында жүк пойызы өтіп бара жатқанда тағы бір теміржол көпірі құлады. Пойыздың бірнеше вагоны автомобиль жолына құлап, өрт шықты. Машинист пен оның екі көмекшісі жарақат алды. Осы оқиғаларға байланысты Ресейдің тергеу комитеті екі бірдей қылмыстық іс қозғап, кейін бұл апаттарды "теракт" деп танып, Украинаға ресми айып тақты. Путин өз мәлімдемесінде Украина қауіпсіздік қызметінің "Өрмек" операциясы аясында Ресей әскери аэродромдарына жасалған шабуылдар мен стратегиялық бомбалаушы ұшақтардың жойылуы, сондай-ақ Қырым көпірінің тірегіне жасалған шабуыл туралы бірде-бір сөз айтпады.
Yorumlar
Diğer Haberler