Тауда адасып кеткен түркістандықтар құтқарылды

3482
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/ea1bcd53-6473-4d8b-9fa3-5c6fa6fa744f.jpeg
Құтқарушылар Түркістан облысы Біркөлік тауында адасып кеткен үш туристті эвакуациялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жігіттердің адасқандары туралы хабарлама ағымдағы жылдың 6 маусым күні түскен. Олар Біркөлік шатқалы бағытындағы сарқырамаға бармақшы болған. Құтқарушылар тікұшақпен іздеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде сағат 17:25-те зардап шеккендер табылып, құтқарылды.
«Сағат 16:33-те зардап шеккендерді құтқару үшін жедел штабтан Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиаспас" АҚ Mi-8AMT UP-MI871 ұшағы және Түркістан обылысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Е. Сарыбаев, жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы жіберілген. 17:25-те тікұшақпен іздеу жұмыстары кезінде үш адам табылып, құтқарылды. Кешкі сағат 17:55-те құтқарылған адамдар Шымкент қаласының әуежайына жеткізілді,"— деп жазды баспасөз қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Yorumlar
Diğer Haberler