Ерлан Арын "Рухани жаңғыру" институтына директор болып тағайындалды

2749
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/03/erlan-aryn.jpg
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі "Рухани жаңғыру" институтының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның тағайындалғаны жөнінде университет сайтында жарияланды. ЖОО мәліметінше, Ерлан Арын 2018 жылы 2 наурызда Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің белорус-қазақ мәдени-танымдық орталығының ашылуына қатысқан. Орталық екі жоғарғы оқу орындарының одақтастығының аясында ашылған. Осы орталық "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асырумен айналысады. Оның басты мақсаты  - ҚР мен БР жоғарғы оқу орынарының халықаралық байланысы, өзара түсіністік деңгейін арттыру және мәдени шаралар барысында белорус және қазақстандық студенттердің достығын нығайту.

kaz.tengrinews.kz

Yorumlar
Diğer Haberler