Ертең Мемлекет басшысы «Орталық Азия - Қытай Халық Республикасы» саммитіне қатысады

2457
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/news_full15775317339bbf9b32fcdbffd1dff9a736596b5e20.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды. Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған, - делінген жазбада.

"Адырна" ұлттық порталы

评论
其他材料